Abstract
Ақпаратты коммуникациялық технологияны пайдалану студенттердің бойында зерттеушілік дағдыларын, танымдық қызығушылығын қалыптастырып, ғылыми ой-өрісін дамытады. Пәндік оқытуды компьютерлендіру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу үрдісінің білім беру сапасын жоғарлатуды көздейді. Заманауи инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылығын дамытады, өзін-өзі бағалауды арттырады және үлгерім сапасының динамикасын арттыруына ықпал етеді. Химия курсына компьютерлік бағдарламалар мен платформаларды қолдану пәннің теориялық заңдылықтары мен құбылыстарын тереңірек ашуға мүмкіндік береді, практикалық алынған нәтижелерді салыстыруға, талдауға, қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Қазіргіуақытта тегін және ақылы онлайн сервистер мен платформалар арқылы химиядан білім алудың көптеген мүмкіндіктері бар және әртүрлі платформаларды пайдаланып студенттердің білімі мен дағдыларын жүйелеуге, құрылымдауға көмектесу. Мақалада білім алушылар үшін ең қолжетімді әрі қолайлы Quizlet, Genially, LearningApps, Flippity, Joyteka, Wordwall, Kahoot компьютерлік бағдарламалар туралы айтылады.Осы бағдарламалардың көмегімен «Бейорганикалық химия», «Органикалық химия» және «Коллоидты химия» курстарының үлгілерідайындалды.«Элементтер химиясы», «Органикалық химия», «Коллоидты химия», «Компьютерлік химия» пәндерінен бірнеше тақырыптар бойынша сайттар әзірленді.Органикалық химия пәні бойынша «Органикалық химия бөліміне экологияны кіріктіре оқыту» курсы бойынша модель даярланған. Модельде дәріс, зертханалық және семинар сабақтардың материалдары енгізілген. Модель блок-иерархиялық болып табылады, курстың түсініктер жүйесінің инвариантын қамтиды және келесі принциптер негізінде құрылады: химия курсын экологияландыру; оқу материалының жүйелі дамуы мен күрделенуі; білім мен дағдыларды интеграциялау; заттардың көп деңгейлі ұйымдастырылуын, олардың құрамының, құрылысы мен қасиеттерінің байланысын ашу.
Cite
CITATION STYLE
Чинибаевв, Сагимбаева, Жаксибаева, & Оразбаева. (2024). ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛІК ПЛАТФОРМАЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. Журнал Серии «Педагогические Науки», 73(2). https://doi.org/10.48371/peds.2024.73.2.023
Register to see more suggestions
Mendeley helps you to discover research relevant for your work.