Химия пәніне ұжымдық оқыту әдісін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары

  • Ж. Хавдыл
  • З. Мұхамбетәлиева
  • Р. Ж. Мұқанова
  • et al.
N/ACitations
Citations of this article
5Readers
Mendeley users who have this article in their library.

Abstract

Оқыту әдістері оқушының басқа қырынан тануға, оларды жан-жақты ашуға және әрбір баланың білімін анықтауға көмектеседі. Химия сабақтарында да оқыту әдістерінің маңызы зор. Бұл мақалада ұжымдық жұмыс түрлері арқылы химия сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту жолдары туралы айтылған. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде және кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету пәнді оқытудағы басты мақсат. Химия сабақтарында бұл әдісті қолдана отырып оқушыларда пәндік құзыреттілікті дамытуға болады. Ұжымдық жұмыс түрлері қолданылып орындалған тақырыптар мен тапсырмалар түрлері мақалада нақты көрсетілген. Сонымен бірге, ұжымдық оқытудың артықшылықтары баяндалған. Химия пәніндегі ұжымдық оқыту білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілеттерін қалыптастыруда өте маңызды. Осы әдісті қолдану арқылы пәнді оқыту мақсатына нәтижелі қол жеткізуге болады. Ұжымдық оқыту технологиясының тәбиелік мәні де ерекше, оқушының оқудағы іс-әрекеті достарына деген қарым-қатынасы арта түседі және де көшбасшылық, топта жұмыс істеу қабілеттері дамиды. Бұл көрсеткіштер технологияның тиімділігін көрсетеді.

Cite

CITATION STYLE

APA

Ж. Хавдыл, З. Мұхамбетәлиева, Р. Ж. Мұқанова, & М. Баймұрат. (2021). Химия пәніне ұжымдық оқыту әдісін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology Series, (2.2021), 41–48. https://doi.org/10.48081/sadp9169

Register to see more suggestions

Mendeley helps you to discover research relevant for your work.

Already have an account?

Save time finding and organizing research with Mendeley

Sign up for free